Жобаның мақсаты – Алаш қайраткерлерінің барлық мұралары мен олардың шығармашылығы туралы басылымдарды, қазіргі заманғы алаштанушылардың ғылыми еңбектерін еліміздегі және шетелдердегі кітапханалар мен архивтерден, музейлер мен жеке авторлардың қорынан жинастырып, қазақ және орыс тілдерінде сандық форматта Интернет пайдаланушыларына кеңінен ұсыну, ақпаратқа қолжетімділігін арттыру.
Электрондық кітапхана қорының басым көпшілігін әдебиеттер мен Қазақстан көлемінде шыққан мерзімді басылымдардың көшірмелері құрайды. Кітапхана қорына басылымдарды орналастыру Қазақстан Республикасының авторлық құқық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылды.
Бұл жобаның сәтті орындалуына қол ұшын берген отандық кітапханалар, мұражайлар, мұрағаттар, сондай-ақ, шетелдік мұражайлар мен мұрағаттардың мамандарына алғысымыз шексіз. Біздің бастаманы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, ҚР Ұлттық кітапханасы, еліміздегі облыстық кітапханалар мен мұражайлар, мұрағаттар және Бішкек, Қазан қалаларындағы мемлекеттік архивтер қолдады.